Оның айтуынша, елімізде 119 жоғары оқу орны бар, 600 мыңнан астам студент білім алуда. Оның ішінде 38%-ға жуығы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды .

«Жыл сайын грант саны өсуде. Биыл 88 мың грант бөлінген. Бұлардың 60% техникалық мамандарға берілген. «Серпін» бағдарламасына 3 653 грант бөлінген. Одан бөлек, шетел азаматтарына арнайы бағдарлама бойынша 490 грант бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында  білім жетістіктері мен азаматтардың әлеуетті категориясын ескере отырып, гранттарды бөлу моделін жетілдіру  қарастырылуда. Жаңа оқу жылынан бастап, студенттердің шәкіртақысы 20% өсті, былтыр бакалавриатта оқып жүргендер 31 мың теңгеден алса, қыркүйектен бастап 36 мың теңгеден алып жатыр, магистранттар мен докторанттар шәкіртақысы 15% өсті. Бұл үрдіс болашақта жалғасады, жыл сайын 20% көтеріледі», - деді вице-министр.


Білім беру гранттары иегерлерінің эскроу-шоттарына мемлекеттік тапсырысты дербес қаржыландыру мәселесі пысықталуда.