«Бүгінде университеттер еңбек нарығында талап етілетін дағдыларды қалыптастыру үшін инновациялық және пәнаралық білім беру бағдарламаларын әзірледі. Жоғары білім беру жүйесі мен еңбек нарығын одан әрі жақындастыру үшін алдын ала болжау кадрлар жүйесін енгізу жоспарлануда. Аймақты университеттер әкімшілікпен және жергілікті корпоративті сектормен тығыз байланысады. Осылайша, аймақтық университеттер әр өңір экономикасы үшін жергілікті өсу нүктелеріне айналады. Жалпы, білім беруді дамытуға екі тең тарап – жұмыс берушілер (бизнес) мен академиялық қауымдастық қатысуы керек. Бұл жүйе қажетті білім мен дағдыға ие кадрларды дайындау үшін болжау зерттеулерін қамтамасыз ететін «Мамандығым-болашағым» бағдарламасының негізі болады. Университеттерге өз білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берілген», - деді Ерғалиев.


Оның айтуынша, университеттердің академиялық еркіндігін одан әрі кеңейту мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарттарына өзгерістер енгізілген. Басты өзгеріс – университеттер білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауда еркіндігі артты. Мемлекеттік білім беру стандарттарындағы өзгерістердің тағы бір артықшылығы – практик-мамандар мен топ-менеджерлерді тартудағы мүмкіндіктердің артуы.