«Тұжырымдамада көзделген шаралар көптеген білім алу жолдары арқылы, бейресми оқыту арқылы да, жаңа білім мен құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік білім беру стандартында микроквалификация білім алу нәтижелерін қабылдау жоспарланған, «нано-кредиттер», «жинақталған дәрежелер» ұғымдар енгізілген. «Онлайн-оқыту» маңыздылығы артып жатыр. Келесі оқу жылынан бастап, осындай білім беру түрі жүзеге асырылады. Университеттерде цифрлық оқыту ресурстарын, желілер мен жаппай ашық онлайн-курстарды дамыту жоспарлануда», - деді спикер.