Сондай-ақ пилотты режимде 4 университет негізінде интегралды GPA енгізілді. Оқытудың нәтижесі – академиялық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік GPA симбиозы болады. Бұл шара студенттердің университеттердегі стартап-жобаларға, ғылыми-зерттеу, спорттық, әлеуметтік және волонтерлік жұмыстарына қатысуына ықпал етеді.
Сондай-ақ университеттердің кадрлық және зерттеу әлеуетін арттыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 


«Басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру үшін дарынды басқарудың (talent management) принципі бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс берушілердің, бизнес-құрылымдар корпоративтік басқаруға тартылады. Бұл бағытта өткен аптада Қазақстанның тәуелсіз Директорлар қауымдастығы QID-мен меморандумға қол қойылды. Топ-менеджерлер мен қызметкерлер үшін кәсіби даму бағдарлама өткізіледі. Ғылымды қолдау мен интеллектуалды әлеуетті дамыту үшін отандық 20 бәсекеге қабілетті университеттер негізінде Академиялық артықшылық орталықтарын құру жоспарлануда. Бұдан бөлек, университеттердің ғылыми-зерттеу университеттеріне трансформациялау бойынша  шаралар жүзеге асырылды. Бұл шара – университеттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін көтеруге ықпал етеді, ғылыми жобаларды коммерцияландыру және халықаралық басылымдардағы ғылыми жарияланымдар деңгейін арттырады», – деді вице-министр.