Оқу-ағарту министрі Абай облысы Приречное ауылындағы мектепте болды. Әріптестеріммен оқу бағдарламалары, балалармен жұмыс, бағалау және т.б. мәселелерді талқылады. Оқушылармен де сөйлесті. 

«Мектеп кітапханасының жұмысы лайықты деңгейде емес. Кітапханашы көркем әдебиеттер жеткіліксіз мөлшерде сатып алынатынын айтты. Алайда бұған дейін білім басқармалары жыл сайын кітап қоры толықтырылатыны туралы есеп берген еді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде жүзеге асырылмай жатыр. Облыстың білім басқармасы басшылығына барлық ескертуді жою тапсырылды», - деді Асхат Аймағамбетов.

 Сонымен бірге министр Абай облысындағы мектептер құрылысының дайындық жұмыстарымен танысты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 мыңға жуық оқушыға есептелген 11 мектеп (6 мектеп Семей қаласында және 5-еуі ауылда) салу жоспарланып отыр.