ТЖ министрі Юрий Ильин Қызылорда облысының халқымен кездесуде қыс мезгіліне дайындыққа көңіл бөлді.

Өңір елдің батысы мен оңтүстігінің арасында орналасқан. Облыс арқылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолы өтеді, ал «Қызылорда – Жезқазған» жолы орталық бөлігімен қосады. Көбінесе қыста автомобиль жолдары қар құрсауында қалады.

Облыс бойынша жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайтын 4 қар басуы ықтимал учаске анықталды, бұл Арал ауданы (1) және Ұлытау облысы (3) бағытындағы жол учаскелері.

«Келесі аптада «Қыс» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. Министрлік бөлімшелерінің, әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күштері мен құралдарының қысқы кезеңнен өтуге дайындығы тексерілетін болады. Жергілікті атқарушы органдардан оқу жаттығу өткізуге дайын болуын сұраймын»,- деп ТЖМ басшысы хабарлады.

Ол министрлік қызметінің негізгі бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жиынға қатысушылар сұрақтар қойып, туындаған мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарын білдірді. Бейнеконференцбайланыс арқылы облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындары да қатысты.

Жұмыс сапары аясында ол «112-Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің»  мамандарымен, облыстық ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен кездесті. Құтқару жабдықтарын және техникасын қарады.

Содан кейін министр Юрий Ильин қаланың Тасбөгет кентіне орналасқан «Қызылорда су торабының» жұмысын және  жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмысын көрді.