Қазақстан мен Ресей арасында әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі ғана емес, сонымен қатар көптеген ортақ су ағындары – Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, Қиғаш, Қараөзен мен Сарыөзен сияқты трансшекаралық өзендер бар.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы су қатынасы 2010 жылғы 7 қыркүйектегі «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы» келісіммен реттеледі. Бірлескен Комиссия және жоғарыда аталған өзендер бойынша жұмыс топтары осы Келісім аясында жұмыс істейді.

Бірлескен Комиссия қызметі Тараптардың тең төрағалығымен, яғни қазақстандық тарапты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серикалий Мукатаев, ал ресей тарапын – РФ Су ресурстары федералды агенттігінің төрағасының орынбасары Вадим Никаноров жүргізеді.

Бірлескен Комиссия отырысының барысында тапартар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық трансшекаралық өзендер бассейндері бойынша жұмыс топтарының Басшыларының есебі тыңдалады. Тараптар ағымдағы жылдағы көктемгі су тасқыны, су қоймаларды толтыру және тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету шарттары, гидротехникалық құрылыстарды кешенді пайдалану және эксплуатациялау, трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарының ластануы мен сарқылуының алдын алу туралы ақпараттармен алмасады.

Сонымен қатар, отырыста Жайық өзені бассейнінің проблемаларын шешуге, ірі трансшекаралық өзендердің бассейндеріндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастықты белсендіруге Бірыңғай жол картасын жүзеге асыруға назар аударылды.

Іс-шарада екі елдің министрліктерінің, су шаруашылығы ұйымдарының, гидрометеорологиялық қызметтің, жергілікті атқарушы органдардың және басқада мекемелердің өкілдері қатысады.

Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстары жылына бір рет тараптардың аумақтарында кезектесіп өткізіледі.