Телемарафон барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанда өтіп жатқан саяси оқиғаға танытылып отырған қызығушылық туралы айтты.
«Біздің сайлауға әлем үлкен қызығушылық танытып отыр. Сайлауды 10 халықаралық ұйымдардан 640-тан астам бақылаушы және 35-ке жуық мемлекет бақылайды. Сонымен қатар Қазақстанда 260-тан астам шетелдік журналист жұмыс істейді. Сондықтан, бақылаушыларымыздың, шетелдік БАҚ-тың қатысуымен сайлау жақсы өтеді және лайықты баға аламыз деп ойлаймын», - деді спикер.