«Сондай-ақ кандидаттарды қолдап, дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға және дауыс беруге байланысты сауалнамалар мен өзге де зертетулердің нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол берілмейді. Мұндай сауал салуды дауыс беруге арналған үй-жайларда, пунктерде жүргізуге де болмайды. Оларды сайлау учаскелерінен тыс жерлерде тіркеуі бар және белгіленген тәртіппен орталық сайлау комиссиясын хабардар еткен заңды тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Осы сияқты сауалнамалардың нәтижелерін дауыс беру күнінен кейін, яғни 2022 жылғы 21 қарашадан бастап рұқсат етіледі. ҚР-дағы сайлау  туралы заңның бұл талаптарын сақтамау Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-120 баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Осы сағатқа дейін мұндай фактілер туралы хабарламалар түскен жоқ. Сайлауға байланысты өтініштерге келетін болсақ, олар бүгін дереу қаралып, шешілуге жатады», - деді БП өкілі.


Дауыс беру басталған сәттен бастап, прокуратура органдарына сайлау мәселелері бойынша өтініштер түскен жоқ. Жалпы сайлау науқаны құқықтық аясында өтуде. Сайлау процесі заңдылығының сақталуына жоғары қадағалау жүргізу жалғасуда.