«Ішкі істер органдары сайлау өткізу кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті. Біз еліміздің барлық сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеміз. Қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік атқарады, бұл үшін 20 мыңға жуық полицей жұмылдырылды. Учаскелердегі полиция бөлімшелеріндегі оқиғаларға ден қою үшін мобильді жедел тергеу топтары жұмыс істейтін болады. Көшелер мен қоғамдық орындардағы нарядтар саны арттырылды. Патрульдеу маршруттар мен адамдар көп жиналатын орындар мен сайлау учаскелеріне жақын орналастырылды. Қоғамдық орындар мен көшелерді патрульдеуге ішкі істер органдарының 14 мыңға жуық қызметкері шықты. Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, көшелер мен дауыс беру орындарын көзбен шолып бақылау күшейтіледі. Полицейлер бейнетіркегіштермен жабдықталған,  дрондар да пайдаланылады. Дауыс беру дұрыс және тыныш жағдайда өтуі үшін барлық шаралар қабылданды», - деді спикер.