«Біз байқаушы делегация ретінде сайлауға дейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен, Президенттік сайлауға қатысушы барлық кандидаттармен кездестік. Осы сайлаудың кеше-бүгінін өзіміз тұжырымдап, ертең қоғамға өзіміздің қорытындыларымызды айтамыз. Кандидаттар кампания кезінде ешқандай кедергі болмағанын, үкімет пен халық жағынан көп қолдау алғанын көріп отырмыз. Біз үшін бұл өте маңызды ақпарат. Бүгін таңертең сағат 7-де сайлау учаскесінің қалай ашылып, жұмысын бастағанын көрдік, он ауданға барып, сол жерде байқау қызметін атқарып жатырмыз», - деді спикер.  


Ерол Кая бұл сайлаудың қазақ халқы және қазақ елі үшін қайырлы болуын тілеп, сайлаудың ашық әділ өтіп жатқанын атап өтті.  


«Барлығы халықаралық және ұлттық стандарттарға сай өтіп жатыр, тек ауа райы суық. Аздап тондық, бірақ қазақ халқының ыстық ықыласы бізді жылытты. Біз ең алдымен қазақ халқы үшін жетістік болады деп сенеміз және Қазақстан халқына бар жақсылықты тілейміз.  Халықтың белсенді қатысуы бізді қатты қуантып отыр, бұл елдің маңызды даму көрсеткіштерінің бірі, біз бұл сайлаудың демократиялық принциптерге сай өтіп жатқанына куә болып отырмыз», - деді ТүркПА өкілі.