Ваша ЕҚЫҰ миссиясы аясында жұмыс істейді. Бірақ ол Қазақстан туралы 20 жылға жуық уақыттан бері біледі. Қарағанды мемлекеттік университетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеген. 6 PhD докторын дайындаған. Айта кетейік, Венгрия Мен Қазақстанның ерекше тарихи қатынастары бар.
«Мен Қазақстанның өзінің саяси жүйесін қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімдеуге тырысып жатқанын көргеніме өте қуаныштымын, шын мәнінде аймақта, әсіресе осы қиын уақытта мықты көшбасшылық қажет, бұл азаматтардың еркі мен тілектеріне негізделген. Қазақстан өзінің экономикалық ұстанымдарының, аумағының, географиялық орналасуының, геосаяси жағдайының арқасында Орталық Азияда ғана емес, Қиыр Шығыста, Еуропада да басты ойыншы болып табылады. Жетекші державалар аймақта болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытады. Сонымен қатар интеграция басталады, бейресми интеграция. Сондықтан 5-10 жыл бұрын ЕО мен ОА бірлескен саммитін өткізу мүмкін болмады. Енді мен Еуропалық Одақ немесе орталық басшылық бұл аймақтың маңыздылығын түсінетінін көріп отырмын. Кейбір коммуникациялық мәселелерге ғана қатысты емес түрлі бағдарламалар мен жобалар іске қосылатын шығар. Бүгін сайлау учаскелеріне барып, басқа халықаралық байқаушыларды, комиссияның белсенді жұмыс істеп жатқанын көрдім және осы жұмыстың барысынан керемет әсер алдым. Процестің өзі транспарентті, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ мен адамдардың көңіл-күйі жақсы, энтузиазмға толы екенін байқадым. Мен олардың дауыс беріп жатқанына сенімдімін, өйткені олар өздерінің жарқын болашағын таңдайды. Менің ойымша, бүгін өте дана шешім қабылданады. Менің тәжірибеме сүйене отырып, бұл процестер Конституцияда белгіленген құқыққа сәйкес демократиялық түрде ұйымдастырылып, жүргізіліп жатқанын айта аламын», - деп атап өтті спикер.