Осылайша, ол байқаушылар мен ұйымдастырушылар бәрін алдын ала біліп отырады деген пікірді жоққа шығарды.   

«Біз таңертең бірқатар учаскені араладық және олардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бақыладық. Ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ. Адамдар жақсы көңіл-күймен, өз еркімен, ешқандай қысымсыз дауыс беруде. Жергілікті байқаушылардан ешқандай шағым келіп түскен жоқ. Мен Қазақстанда – президенттік сайлауда, парламенттік сайлауда, референдумда халықаралық байқаушы ретінде төртінші рет қатысып отырмын. Қазақстан халқын қазір елімізде жүргізіліп жатқан табысты экономикалық және саяси реформалармен құттықтаймын. Бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілеймін», - деді спикер.