«Сайлау үрдісі өте күрделі. Сондықтан біз байқаушы ретінде адамдарды дайындаған кезде тәжірибелі, нақты осы үрдіске қатысты заңнамалар нормаларын түсінетін, өзін байқаушы ретінде құқықтары мен міндеттерін жақсы білетін адамдарға сүйендік. Бұл өз кезегінде, осы науқанды объективті бағалауға мүмкіндік береді. Биыл бірінші рет ауқымды азаматтар ниет білдіріп байқаушы ретінде тіркеліп отыр. Қазір елімізде 10 мыңға жуық ашық сайлау учаскесі болса, барлығында біздің байқаушыларымыз таңғы сағат алтыдан бастап, заңнамаға сәйкес өз жұмыстарын жасап жатыр. Жалпы алғанда, осы науқанға 22 мыңнан астам адамды байқаушы ретінде дайындадық. Оларға үздік әлемдік тәжірибе негізінде, үздік стандарттар, заңнамалар шеңберінде 400-ге жуық офлайн және онлайн форматта оқыту жүргіздік», - деді спикер.