Сайлау күні ТМҰ делегациясы сайлау учаскелерінің ашылуы мен жабылуын, сайлау барысын, дауыстарды санауды қадағалады. Жалпы, миссия 16 сайлау учаскесіне барды. Миссия сайлау учаскелерінің қызметіндегі бұзушылықтарды, әкімшілік және құқық қорғау органдарының араласуын тіркеген жоқ. «Сайлау туралы» Заңға сәйкес сайлау күні адамдардың ерік-жігерін білдіруін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шаралар қабылданды. Сайлауды бейтарап бақылау үшін ұлттық және халықаралық байқаушыларға қажет жағдайлар жасалды. 


«Миссия сайлауға әсер ететін маңызды техникалық немесе негізгі мәселелерді байқамады. Миссия сайлау учаскелерінің ішінде немесе сыртында үгіт материалдарын көрген жоқ, сайлау күні үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілген жоқ. Сайлау учаскелерінде мүгедектерге де жағдай жасалған. Сонымен қатар зағип жандарға арналған Брайль шрифтімен басып шығарылған құжаттар, учаскелерде дауыс бере алмағандарға арналған мобильді жәшіктер ұсынылды. Сайлаушыларға сырттан әсер ету әрекеттері де болған  жоқ. Барлық сайлаушыларға сайлау учаскелеріне кіруге толық мүмкіндік жасалды, сайлау учаскелеріндегі ресми тұлғалардан қажет ақпарат алынды. Сондай-ақ келушілер саны көп болды. Бүкіл ел бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау туралы кеңінен ақпарат жариялау сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығы үшін маңызды элемент болып табылады. ТМҰ-ның халықаралық байқау миссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық танылған сайлау стандарттарына сәйкес ашық және бәсекеге қабілетті болғанын растайды», - деп түйіндеді спикер.