Оның айтуынша, өзбекстандық әріптестер де өткізу пункттерін жаңғыртуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2022 жылы Қазақстан 9 ӨП бойынша жұмыстарды бастап кетті.
«Барлық 9 автомобиль өткізу пункті бойынша жобалау компаниясы жобалау-сметалық құжаттама әзірледі, мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынды. Әрбір нысанды қайта құрудың жоспарланған мерзімі – 19 ай. Қазіргі уақытта «Достық» автомобиль өткізу пунктінің құрылысы және «Достық» теміржол өткізу пунктін техникалық жабдықтау басталды. 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Өзбекстан тарапымен келісім бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (ӨР) автомобиль өткізу пункттерін қайта құруды бастау жоспарланып отыр, халықтың тығыз орналасуына және қолайлы жағдайдың болмауына байланысты толық жабылады. Қалған өткізу пункттерін қайта жаңартуды жабусыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып, жүргізу жоспарлануда. Барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. «Өткізу пункттерін жаңғырту» жобасы «жылдамдық, тиімді бақылау, қауіпсіздік, жайлылық» қағидаттарына негізделген. Барлық өткізу пункттері Мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан азаматтары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағдарланған», - деді спикер.
Жолаушылар терминалдарында, сондай-ақ жүк АКҚ жүргізушілеріне арналған тұрақта асханалар, дәретханалар, ана мен бала бөлмелері және т.б. көзделетін болады. Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу қабілетін 8 есеге дейін ұлғайтылатын (тәулігіне 1000-нан 8400 КҚ-ға дейін), уақытты қысқартылатын (2 сағаттан 25 минутқа дейін) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылатын болады.