​​Кездесу барысында швейцариялық жоо-мен ынтымақтастық, атап айтқанда эндаумент-қорларды дамыту, өмір бойы білім беру Lifelong Learning жобалары, ересектерді оқыту бағдарламаларын сертификаттаудың швейцариялық тәжірибесін енгізу, қонақжайлылық және қонақ үй менеджменті саласындағы бірлескен қос дипломды бағдарламаларды іске асыру саласындағы мәселелер талқыланды. 

​«Министрлік Швейцарияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуды құптайды. Біз сіздердің мамандарды даярлау саласындағы тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру қазақстандық жоғары білім беруді дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді министр Саясат Нұрбек. 

​Іс-шара соңында тараптар стратегиялық әріптестік пен бірлескен халықаралық жобалар туралы келісімдерге қол жеткізді.​