Кездесу барысында Қарағанды қаласының тұрғыны Рауана Дауылбаева ӘМАТ бағасының маусымаралық күрт өсуі туралы сұрақ қойды. Арман Шакқалиев Үкімет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді ерте кезеңдерде қаржыландыру арқылы маусымаралық бағаның өсуін алдын-алуы жайлы баяндады.
«Маусымаралық кезеңде тауарлық интервенциялар мақсатында тұрақтандыру қоры құрылатынын атап өткім келеді. Өз тарапынан мемлекет ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша жұмыс істейді, егер жекелеген сауда субъектілері тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері болса, онда біз дереу әрекет етеміз», - деп түсіндірді бірінші вице-министр.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Қарағанды облысында «Global City» көп бейінді сауда-қойма кешені жаңа технологияларды қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтауда климаттық бақылауды қолданатыны анықталды.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, ел аумағында жұмыс істеп тұрған тоғыз жеке көтерме-тарату орталығы бар. Олар көкөніс өнімдерін де, жалпы азық-түлікті де сақтаудың заманауи стандарттарына сай келетін климаттық жабдықтармен жабдықталған және солардың бірі - Қарағанды облысында орналасқан.
«Бүгін, біз жеміс-көкөніс, ет-сүт өнімдерін сақтауға арналған қойма және логистикалық қызметтердің толық кешенін қамтитын «Global city» көтерме-тарату орталығымен, сондай-ақ ауданы 3000 мың м2 асатын көкөніс қоймасы бар «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ болдық. Климаттық бақылауды қолдану маусымаралық кезеңінде ӘМАТ-ты сақтауға және өнімді тұтынушыларға тұрақты бағамен жеткілікті көлемде сатуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Арман Шакқалиев.
Сондай-ақ, бірінші вице-министр Қазақстанда бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу арқылы ұлттық тауар өткізу жүйе (ҒТК) желісін құру жоспарланып отырғанын, оған қолданыстағы жеке көтерме-тарату орталығы, ӘКК және басқа да сауда субъектілерін қосу іске асырылып жатқанын мәлімдеді. ҒТК құру сауда субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, өңірлер арасындағы өнімнің ішкі ағындары мәселелерін шешуге, баға белгілеудің ашықтығын, болжамдылығын қамтамасыз етуге, өнімнің көлеңкелі айналымын заңдастыруға және тұтастай алғанда оң макроэкономикалық әсер етуге мүмкіндік береді.