Басты талқыланған тақырып – Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері.
Алматы облысында 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар - Шарын, Іле-Алатау, Көлсай-көлдері ұлттық парктері, Алматы қорығы және Іле-Балқаш резерваты.
Шонжы ауылы тұрғындарын Ұйғыр ауданындағы сумен қамтамасыз ету, мал жаю, заңсыз ағаш кесу мәселелері және Шарын ұлттық паркінің дамуы қызықтырды.
«Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша әлемге әйгілі Шарын ұлттық паркіне 50 мыңға жуық турист келген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Былтырғы жылғы көрсеткіш 35 мың адамды құраған», - деді Ә. Шалабекова.
2004 жылы негізі қаланған ұлттық парктің аумағы 127 мың гектарды құрайды. 2018 жылы Шарын ұлттық паркі ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар тізіміне кірген.
Кездесу соңында вице-министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.