Жиынға қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен саласының өзекті мәселелерімен қатар, субсидияларды бөлу және уақытылы беру, мал шаруашылығын дамыту және қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, экспорттық шектеулерді алып тастау және т.б., ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты.  Отандық аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

- Бүгін біздің елімізде әрбір шаруа экспериментатор, - деді кездесуде «Олжа Агро» ЖШС басшысы Айдарбек Ходжаназаров, - десе де, жеке зерттеу жүргізу өте қымбатқа түседі.  Мемлекет аграрлық ғылымды дамытуға көп қаражат бөледі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ бар, ол фермерлерді белгілі бір көкөністерді өнеркәсіптік өсірудің мерзімдері, әдістері және басқа да ерекшеліктері туралы нұсқаулықтармен қамтамасыз етуі керек.

Сүт өнімдерін өндірушілер өз тарапынан жоғары ретро бонустарды есептеу бойынша сауда желілерінің тәжірибесі жайлы айтты.

Сұрақтардың әрбір блогы бойынша вице-премьер егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

- Біз барлық мәселелерді бірлесіп талқылаймыз, жақын арада сауда желілерімен кездесулер ұйымдастырамыз, қаржыландыру, субсидиялар бөлудің тұрақтылығы мен басқа да мәселелерді пысықтаймыз, айтылған ұсыныстар бойынша кездесулерді бөлек өткіземіз. Барлық шешімдер мемлекет пен бизнестің мүдделерін ескере отырып қабылданатын болады, - деп түйіндеді кездесу қорытындысын Серік Жұманғарин.