Жезқазғанда 2022 жылға арналған облыстық бюджет нақтыланды.
Шығыстардың өзгеруін Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс X сессияда бекітті.
Қаржы басқармасының басшысы А.Сыздықова баяндама жасап, білім беру бойынша облыс мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларына тамақтану шығындары, сондай-ақ педагогтардың жалақысы қарастырылғанын атап өтті.
Сонымен қоса, қаражат өңірдің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.
Кеңеске қатысқан облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы өз кезегінде экономиканың нақты секторын дамытуға да ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.
Атап айтқанда, қайта бөлінген қаражаттан қызметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға және ынталандыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ инвесторлармен бірге экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған өңірлік даму институты - «Ұлытау әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның жарғылық капиталы қалыптастырылатын болады.