«Жұма күні үлкен жиналыс өткіземіз. Табиғи монополияны реттеу комитетінің департамент басшысымен сөйлестім. Олар құзыретті органның ұсыныстарын күтуде. Себебі тариф өссе, тұрғындардың жағдайы қиындады. Оны да ойлау керек. Меншік иелері қандай қаражат бөледі? Бюджет қалай көмектесе алады? Мұның бәрі қысқа мерзімде талқылап шешетін мәселе. Бұл тек Екібастұздың ғана мәселесі емес. Бүкіл Қазақстан бойынша осы мәселені шешу керек. Президент өз Жолдауында тапсырма берді. Биыл, кемінде жыл басында бұл мәселе шешіледі», - С.Жұманғарин өз жауабында.


Сонымен қатар вице-премьер инвесторлардың өз міндеттемелерін орындауына қатысты өкілетті органдар тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. 


«Осы аптаның жұма күніне дейін өкілетті органдар өздерінің тергеп-тексеру нәтижелерін береді. Соның негізінде шешім қабылданады», - деді С. Жұманғарин.