Кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы жылына екі рет жүргізіледі – киіктердің күйлеу кезеңінде, яғни 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін және олардың төлдеу кезеңінде - 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында.

Киік акциясына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның 224 инспекторлары, сонымен қатар ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар қатысады.

Киіктерді заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.