«Кеше жылу жүйесіне 28 үй қосылмаған еді. Қазіргі уақытта олардың саны 19. Проблемалы үйлер ЦТП-52-де орналасқан: Сәтбаев, 8, Әуезов, 47 және 47А. Қазір жұмыс жүргізілуде», - деді Олег Крук. 

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин үй-жайларды қыста жылуға қосу өте қиын процес екенін атап өтті. 

«Осы мақсатта кәсіби мамандар тартылып жатыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді. Ең бірінші мәселе – бұл үйлерді жылуға қосу. Содан кейін жылумен жабдықтауды техникалық жағынан теңгерімге келтіру қажет. Жылу магистаралінің жұмысы реттеледі. Температура параметрлері қалпына клетірілген соң көп қабатты үйлер, әлеуметтік нысандар, бизнес нысандары жылумен жабдықталады. Бүгінде көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болып отыр. Электр желілеріне түсетін жүктеме артты. Егер штаттық режимде қала 32-33 МВт электр энергиясын тұтынса, бүгінгі күні орташа тұтыну шамамен 46-48 МВт құрайды, ең жоғары көрсеткіштер 55-ке жетті. Қазір барлық электр желілеріт ұрақты жұмыс істеп тұр. Жүктеме артқан үйлер бар. Олар бойынша қосымша бригадалар жұмыс істеп жатыр. Оқиға салдарынан зардап шеккен үйлердің барлық шығыны өтеледі», - деп баяндады әкім.