Кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау желтоқсанның екінші жартысында басталады. Бағдарламаны іске қосуға 500 млн теңге бөлінді – оның жартысы Қарағанды облысының әкімдігі, қалған 250 млн теңге – «Даму» қорынан. 2023 жылы кредиттік портфельді миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.

– Кәсіпкерге қарыз сомасы жылдық 5%-бен 50 миллион теңгеден аспайды. Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін. Кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры кредиттерге ішінара кепілдік беру құралы бойынша – кредит сомасының 85%-на дейін мемлекеттік қолдау көрсетеді, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов.

Несиелеу «Банк ЦентрКредит» және Bank RBK арқылы өтеді.

Экономиканың төнгідей басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер жеңілдікті қарыз ала алады:

- өңдеу өнеркәсібі;

- көлік және қойма;

- тұру және тамақтану қызметтері;

- ақпарат және байланыс;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

- жалға алу, жалға беру, лизинг;

- туроператорлар, турагенттер және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдар;

- білім;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

- спорт, демалыс және ойын-сауық ұйымдары;

- компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу;

- басқа жеке қызметтерді ұсыну.

Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, осы салалардағы кәсіпкерлерді қолдау жергілікті өндірісті кеңейтуге және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.