Ведомство кезекті шен беру процесін автоматтандырды. Алғашқы сегіз қызметкер цифрлық форматта өз шендерін жазда алған болатын.

Министрліктегі кадрлық процестерді цифрландыру қызметкерлерді қағазбастылықтан арылтып, қызметті бейіндік міндеттерге ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл – қызметкерлерді дамыту және ынталандыру, олардың құқықтарын қорғау, меритократия қағидатын қамтамасыз ету және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды арттыру.

Дебюрократизация бойынша қабылданып жатқан шаралар жеке құрамға жүктемені азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Бұл жолы цифрлық форматта жоғары офицерлік шенге:

Асқар Мұхаметқалиев – ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары;

Сергей Стихеев – ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті бастығының орынбасары;

Талғат Мұқанов – штаб бастығы – Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары ие болды.

Министрлік полиция қызметін дебюрократизациялау, цифрландыру және оңтайландыру, ішкі рәсімдерді қайта қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру және олардың туындау себептерін жою бағытында жұмысты күшейткен.