Бұл ретте кәсіпорын келесі жылға экологиялық рұқсат алған жоқ. Компания тарапынан өтінім жіберілді, бүгінгі күні ол комитеттің қарауында.
«Жыл сайын АМТ экологиялық бақылаудың мәніне айналады. 2022 жылдың 9 айында ғана аумақтық экология департаменті компанияға қатысты 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бейорганикалық шаңның нормативтен тыс шығарындылары, бұрын берілген нұсқамалардың орындалмауы, қалдық газдарды, сондай-ақ шығарылған газды ұстау бойынша және тазарту ғимараттарының тиімсіз жұмыс сияқты экологиялық заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Ден қою шаралары ретінде жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынды. Қазір сотқа шағым түсіріліп, қаралуда. Қазіргі уақытта Департамент бірқатар цехтарды тексеруде. Сондай-ақ өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар полигонын, елеу қондырғыларын, №2 және №3 қалдық қоймаларын, күл-шлам жинағышты, сұрыптау кешенін пайдалануға қызметті тоқтата тұру туралы талап-арыздар жіберілді. Бұл ретте Қарағанды облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасының 7 іс-шарасы орындалмаған», - деп атап өтті спикер.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасында кәсіпорынның эмиссияларын 2025 жылға дейін нақты көлемнен 213 мың тоннаға дейін 30%-ға қысқарту көзделген. Экология министрлігі кәсіпорынның осы көрсеткіштерге қол жеткізуі принципін ұстанады.