Құжаттарды жеткізу процесі келесідей болады: адресат хатты қалалық/аудандық байланыс торабының электрондық поштасына жібереді, онда ол басылып шығарылады және конвертке салынып адресатқа жеткізіледі. 

Гибридті поштаның арқасында хаттар шалғай аймақтарға 1-3 күн ішінде жеткізіліп, жеткізу шығындары екі есеге жуық азаяды. Сонымен қатар, бұл жерде пошта жөнелтілімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. 

«Жоба шеңберінде гибридті электрондық пошта жүйесін электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен интеграциялау жүргізілді, бұл хаттарды жіберу процесін едәуір жеңілдетеді, сонымен қатар хат - хабарларды кеңседен шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта 24/7 жіберуге болады», - деді министрліктің аппарат басшысы Кенжеғалиев Арман Шоқанұлы

«Бүгін қол қойылған меморандумның мақсаты - әріптестік пен бір-бірінің мүдделерін қорғау негізінде Қазпошта мен ЦДИАӨМ арасындағы пошта саласында, цифрлық қызметтер саласында ынтымақтастықты дамыту және нығайту. Біздің компания ағымдағы өндірістік процестерді жетілдіру және сервис сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады. Қазіргі уақытта біз гибридті электрондық поштаға (ГЭП) назар аударамыз - бұл мемлекеттік және жеке секторда жұмыс істейтін компаниялар үшін маңызды әрі қажет қызмет болып табылады. ГЭП - бұл хабарламалармен және құжаттармен электрондық түрде алмасуға мүмкіндік беретін байланыс қызметі, яғни бұл пошта жөнелтілімдерін жіберуге және қадағалау үшін ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге әкеледі», - деді "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Қазіргі уақытта бұл қызмет барлық облыс және аудан орталықтарында іске қосылды, ҚР Жоғарғы Сотымен интеграция жүзеге асырылды. Алдағы уақытта Бас прокуратурамен, салық комитетімен, «ҰАТ» АҚ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен интеграциялау жоспарлануда.