Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Сауда және интеграция және Сыртқы істер министрліктері қатысуда. ЕАЭО делегациясының құрамында қатысушылар құжаттың мазмұнын және мүдделі тараптар арасындағы тарифтік мәміленің параметрлерін талқылады.

Осы Келісім бойынша келіссөздер 2021 жылдан бастап белсенді жүргізілуде, сайып келгенде, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында еркін сауда аймағын қалыптастыру және тауарлардың көптеген түрлерінің бажсыз саудасы үшін жағдайлар жасау күтілуде. Сондай-ақ, құжат халықаралық сауда құқығының нормаларына сәйкес келетін транспарентті және болжамды сауда шарттарын қамтамасыз етеді.

Кезекті раундтың қорытындысы бойынша тараптар екі елдің нарықтарына қол жеткізудің өзара тиімді шарттарын қамтамасыз ету үшін тарифтік бөлімді оңтайландыруды қоса алғанда, келісімнің мазмұнын пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.