Жылумен жабдықтау бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 және Сәтбаев көшесі,8 үй бойындағы 11 үйде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қалпына келтіру бойынша тәулік бойы жұмыстар жүргізілуде.

Әкімдіктің колл-орталығына және «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің абоненттік қызметіне тұрғындардан, оның ішінде жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтардан жылу желісінің жұмысындағы ақаулар бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде.

Барлық өтінімдер жұмысқа қабылданып, ақаулар жойылады.

Барлық әлеуметтік нысандар толығымен жылу жүйесіне қосылған. Оқу үдерісін штаттық режимде іске қосу үшін мектептерде және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарының бөлмелерінде температураны көтеру жұмыстары жүріп жатыр.