Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының ұсынуымен еліміздің Жоғарғы Сотының төрағасын қызметінен босату және сайлау, сондай-ақ оның антын қабылдау Сенаттың қарауына жатады.
ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеудің айтуынша, Жақып Асановтың өкілеттігінің аяқталуына байланысты және басқа қызметке ауысуына орай Жоғарғы Соттың төрғасы лауазымынан босату туралы ұсыным енгізілді.
Сенаторлар Жақып Қажыманұлы Асановты басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы қызметінен босатты.