Сондай-ақ тараптар мамандарды оқытуды, тұқым шаруашылығы саласындағы консультацияларды өткізудегі ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация Мемлекет басшысының тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Австриядағы «Wintersteiger» зауытына барды. Компания өнімдерінің ассортиментіне селекциялық және тұқым шаруашылығы астық жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын комбайндар, селекциялық сепкіштер, сондай-ақ селекциялық процесті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді. «Wintersteiger AG» әлемнің 130 еліндегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және зертханаларымен тығыз жұмыс істейді.

Мұндай компаниялармен ынтымақтастық Қазақстанның тұқым шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі болады, тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту, жеткізу көлемін ұлғайту және елде жоғары сапалы селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасын пайдалану үшін негіз жасайды.