«Әзірлеушілердің отандық нарығы IT-жүйелерді әзірлеуге тапсырыстардың 50%-дан астамын алған бес квазимемлекеттік компанияның қолында шоғырланған. Осы және басқа да фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен қылмыстардың алдын алу үшін өте маңызды. Осы талдаудың қорытындысы ұсынымдар түрінде уәкілетті органға және тиісті ұйымдарға жіберілді. Тағы бір маңызды бағыт – ақылы тұрақ. Биыл «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС қызметіне мониторинг жүргізілді. Азаматтық қоғаммен және атқарушы органмен бірлесе жүргізілген талдау нәтижесінде Астанада қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін және белгілі бір санаттағы азаматтардың құқықтарын шектейтін сәттер анықталды: тұрақ ақысы негізсіз алынып, адамдар оларды төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі таңда Агенттіктің ұсынымдарын АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті мен прокуратура қолдады. Қазір тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесі пысықталуда», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.