Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген.

Қазақстан Республикасының аумағында «МИР» жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізді.

Осылайша, қазақстандық банктер «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте, «МИР» жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.