Әлихан Смайыловтың хабарлауынша, қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды. Ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салалары оң өсуді көрсетуде. Экономика өсуінің баяулауы мұнай және тау-кен өндірістеріндегі баяулаумен байланысты. 

Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-ты құрады. Экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті. Оң сауда балансы 2 есеге ұлғайып, $31 млрд-ты құрады. 

Премьер-Министр халықаралық өндірістік, көліктік және логистикалық байланыстардың бұзулуы жаһандық экономикаға кері әсерін тигізіп отырғанын атап өтті. Көптеген елдерде инфляцияның рекордтық деңгейі қалыптасуда. Биыл қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстанда бұл көрсткіш 19,6%-ды құрады. Оның негізгі факторлары – геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі. 

«Қазіргі кезде Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған», — деді Әлихан Смайылов. 

Оның айтуынша, маусымаралық кезеңде азық-түлік тауарларының инфляциялық процестерін тежеу үшін ең тиімді нарықтық тетіктер, соның ішінде форвардтық қаржыландыру кеңінен пайдаланатын болады.