Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді жоюға және азаматтарды құтқаруға көмектеседі.

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 6 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды.

Сонымен қатар, Ұлытау гарнизонын күшейту үшін Астана қаласы және Қарағанды облысы ТЖД түрлі функционалдық мақсаттағы 5 бірлік техниканы (автоцистерналар, жерүсті көлігі, автобус, автокран) берді.

«Халық достығы мен мәдениеті үйінде» Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті үшін Туды салтанатты түрде тапсыру және ТЖД офицерлер құрамына атақтар тапсыру рәсімі өтті.