2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сай, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылындағы спорт кешені, Таңдай ауылындағы спорттық алаң- 2024 жылға, Ортақшыл ауылына спорт кешені 2025 жылға жоспарға қойылып отыр.

-2022-2025 жылдарға арналған Махамбет ауданының Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 2023 жылға Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына жасанды төсеніші бар ашық спорт алаңдарының құрылысын салу жоспарға енгізілді,- деді Қ.Нұрлыбаев.

Айта кетейік, Махамбет ауданы бойынша халық саны 29 086 болса, спорттық нысандар саны 87, онда жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы саны 7 450, яғни 25,6% жетіп отыр.