ШОБ секторы жұмыспен қамтудың маңызды міндетін орындай отырып, жұмыс орындарының 40%-дан астамын ұсынып отыр. Биыл 32 млрд теңгеге төрт мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Өңдеуші өнеркәсіп қолдаудың басымдығы болып айқындалды.

Облыста кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын және микробизнесті дамытудың «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Бұл жылдық 5% жеңілдікті несие.

Сонымен қатар, 637 шағын және орта бизнес ірі компаниялардың өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктері үшін жұмыс істейді. Бұл кепілдендірілген өткізу нарығын алуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 37 кәсіпорын облыстың өнеркәсіптік алпауыттарымен 44,3 млрд теңгеге шарт жасасты. Жыл соңына дейін тағы 77 компания осы кәсіпорындардың тапсырыстарымен қамтамасыз етілетін болады.