«Еліміздің көші-қон саясатындағы теріс баланс арқылы немесе азаматтары көп, ал туу көрсеткіші төмен болуына байланысты оңтүстік өңірлерден, жұмыс күші көп өңірлерден солтүстік өңірлерге азаматтарды көшіру арқылы тепе-теңдікті ұйымдастыру қарастырылған. Ол үшін жұмыс орындарын ашу арқылы оңтүстіктегі дамыған мекемелерді солтүстікке көшіру жоспарланған. Сондай-ақ Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тәжірибесін әр өңірге бейімдеп, дамыту мәселесі қаралды. Қандастар мен қоныс аударушылардың баспана мәселесін шешу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшеріндегі шығындарын өтеуге мүмкіндік беретін экономикалық ұтқырлық сертификаттарын тапсыру көзделіп отыр. Биыл 8086 азаматты көшіру жоспарланса, қазіргі уақытта 7553 адам көшірілді, жоспар 93,3%-ға атқарылды. Осы жұмыс одан әрі жалғасады», - деді спикер.