Академияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмыстарға, есірткі бизнесіне, экстремизмге қарсы іс-қимыл және IT-криминалистер саласындағы мамандандырулар бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады.

Академияның құқық қорғау жүйесі үшін курсанттан бастап жоғары буын басшыларына дейінгі кәсіби кадрларды даярлау жөніндегі көп жылдық тәжірибесі білім берудің жоғары деңгейі мен сапасы туралы нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Осындай жоғары награданы табыстау – ІІМ Алматы академиясының ғылым мен білімді және құқық қорғау қызметінің озық тәжірибесін тиімді біріктірген жаңа буынның оқу орны ретінде танылуының жарқын айғағы.