Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес комплаенс-бақылаушының позициясын өзгерту арқылы «Даму» қорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті құру туралы, компанияның басшылығындағы қызметкерлер жұмысының негізгі көрсеткіштерінің картасын және олардың 2023 жылға арналған мақсаттарын, аудит салаларының картасын және ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған жылдық жоспарын бекіту туралы шешімдер қабылдады.

Бұдан бөлек, осы жылдың үшінші тоқсанындағы Қордың тәуекелдері туралы есеп, Директорлар кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары және кеңестің айрықша құзыретіне кіретін басқа да мәселелер жан-жақты қаралды.