Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойды. Бұл міндеттерді іске асыру бойынша 8 тапсырма Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жатады.

Тарифтік саясатты реформалау үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бастамасы пысықталып жатыр. Ол салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көздейді.

«Желілердің тозу көрсеткішін 20%-ға дейін төмендетуге 2029 жылға қарай қол жеткізу жоспарлануда. Жаңа тарифтік саясаттың тәсілдеріне көшуді қамтамасыз ету тиісті жол картасы шеңберінде іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта коммуналдық желілерді жаңғырту мақсатында инвестициялар көлемін ұлғайту үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр», — деді ұлттық экономика бірінші вице-министр.

Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізуде. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін артатын болады. Осы және де басқа өзгерістерді ескере отырып, алдағы уақытта Бағдарламаны өзектендіру үшін жаңа тәсілдер мемлекеттік органдармен пысықталуда.

«Инвестициялар туралы келісім жасасу процесін жеңілдету үшін Кәсіпкерлік кодекске түзетулер әзірленді. Тиісті Заң жобасы Парламент Сенатының қарауында. Атап айтқанда, басым қызмет түрлерінің тізбесінен тыйым салынған тізімге көшу арқылы инвестициялар туралы келісімдердің қолдану аясы кеңейтіледі. Инвесторлардың шығындарын азайту және инвестициялық шешімдер қабылдауды жеделдету үшін «ready-built factory» типі бойынша дайын өндірістік алаңдарды ұсыну бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді Т. Жақсылықов. 

Сонымен қатар «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды. Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда.

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оны 2023 жылғы наурыздың соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің айтуынша, Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және олар үшін жайлы өмір сүру ортасын құру. Бұл үшін институционалдық қамтамасыз етуді дамыту арқылы ауылдық саясат тәсілдерінің тиімділігін арттырылады. Қазіргі уақытта Тұжырымдаманың жұмыс жобасы жергілікті атқарушы органдармен талқыланып жатыр. 

Экономиканың неғұрлым басым салаларында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде несиелеу мерзімін ұзарту туралы мәселе пысықталуда. Аграрлық-өнеркәсіп кешені және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы 15 басым қызмет түрлері бойынша 7 жылға дейін кредит беру ұсынылды.

«Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарына өзгерістер енгізу шеңберінде мемлекеттік сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін бекітуге көшу көзделген. Бұл ретте түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесін дифференцияциялау көзделген», — деді Т. Жақсылықов.

Мемлекет басшысының әкімдіктердің функционалдығын қамтамасыз ету және халық үшін неғұрлым маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейту бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өңірлер әкімдері орынбасарларының санын қолданыстағы санына 1 бірлікке ұлғайту ұсынылады. Бұл ретте бастама жергілікті атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру үшін орнатылған лимиттер шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Орталық және жергілікті органдардың дербестігін арттыруға баса назар аудара отырып, бюджеттеу тәсілдері қайта қаралуда. Жергілікті деңгейге орталықтан шығыс өкілеттіктерін бір мезгілде бере отырып, қосымша кіріс көздері беріледі. Бұл өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Осы бағыттағы реформалар жалғасуда. Жаңа Бюджет кодексін әзірленуде. Бұл жұмыс шеңберінде Блоктық бюджеттің жекелеген элементтері енгізу пысықталып жатыр. Құжат бюджет процесін түбегейлі жеңілдетуге және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі орталықсыздандыруға бағдарланатын болады. Құжатты келесі жылдың қыркүйегінде Парламенттің қарауына енгізу жоспарлануда», — деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі.