Негізгі мәселе – жоғары білім берудің цифрлық экожүйесі. 


«Онда министрліктің деректердің сапалы архитектурасына негізделген экожүйе қалыптастыру және ақпараттық жүйелер, жоғары оқу орындарының цифрлық білім беру платформаларын және білім беру процесінің тарихи мәліметтерін сақтайтын экожүйенің өзегі болатын жоғары білім беру жүйесінің цифрлық платформасын, министрліктің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жедел өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін жоғары білім беру жүйесінің деректер мұрағатын, сондай-ақ жоғары және композиттік мемлекеттік қызметтер құру қарастырылған. Деректерді басқару саласындағы бірыңғай тәсілдер цифрлық экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, оның негізінде цифрлық сервистер саласында үдемелі даму, аналитикалық құралдарды, оның ішінде болжамды аналитика мен цифрлық профильдерді іске асыру жүзеге асырылады, бұл министрлік қызметін және білім, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімді мониторингтеуге және жетілдіруге бағытталған сапалы шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.


Өз кезегінде, платформа мемлекеттік қызметтерді, талдамалық және басқарушылық цифрлық құралдарды қалыптастыру үшін статистикалық эталондық және өзге де деректерді басқа дерекқорларға және ақпараттық жүйелерге алмасуды жүзеге асыратын болады.