«Цифрлық университет» моделі 4 негізгі бағыттан тұрады: деректерге негізделген басқару жүйелері; цифрлық білім беру технологиялары; жеке білім беру траекториялары; цифрлық экономиканың құзыреттері. Министрлік осы модельді ілгерілету және оны енгізу үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырмақ. Жоғары оқу орындарында осы жұмысты тікелей үйлестіретін және ведомствомен өзара іс-қимыл жасайтын  «цифрлық офицерлер» бекіту көзделген. Сондай-ақ цифрлық университет моделіне көшудің негізгі бағыттары мен міндеттерін анықтау үшін цифрлық трансформация стратегиясын қалыптастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, технологиялар мен деректерге қойылатын ең төменгі талаптардың тізбесі әзірленеді, бұл деректер алмасудың бірыңғай форматын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрбір субъект әртүрлі шешімдерді қолдана алады, шектеу қойылмайды, бірақ деректер форматтарын, технологиялық стектерді жалпылау жоспарлануда, осылайша осы бағытты дамыту кезінде одан әрі проблемаларсыз деректерді үздіксіз интеграциялау және алмасу жүзеге асыруға болады», – деді спикер.


Бұл саланы кім бастайтыны әлі белгісіз. Министрлік пилоттық режимде «цифрлық» болатын университетті таңдайтын болады. Қалай болғанда да, бұл тәжірибе басқа университеттерге таралады.