Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жоғары білім және ғылым саласында 24 қызмет көрсетіледі. Олардың төртеуі ғана электронды түрде, 17-і балама түрде, үшеуі қағаз түрінде ұсынылады. Ведомствоның цифрлық трансформациясы бұған да қатысты болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов мәлімдеді. Сонымен қатар бұрын қашықтан ұсынылмаған тағы бір қызмет қол жетімді болады.
«Министрлік қазіргі уақытта білім туралы деректерді түзету бойынша сервисті әзірлеуде. Бұл студенттер, ғылым субъектілері және дерекқорларымызда қамтылған басқа да тармақтар туралы дұрыс емес ақпаратты, мысалы, білім туралы дипломдар бойынша ақпаратты түзетуге мүмкіндік береді, яғни пайдаланушы кіріп, белгілі бір мәліметтерді енгізе отырып, түзетуге сұрау жібереді. Тексеруден кейін олар автоматты түрде жаңартылады», - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!