«Президенттің сапары аясында Coursera компаниясымен меморандумға қол қойылды. Жетекші жоғары оқу орындарының контентін мемлекеттік тілде локализациялау жоспарлануда, яғни студенттер кең мәліметтер базасына, курстарға, академиялық кредиттерге ішінара қол жеткізеді. Coursera-мен серіктестік жоғары оқу орындары үшін зор мүмкіндіктер ашады: оқытушылар өз контентін жасайды, платформада орналастырады және оны жаһанға таратады. Университет оқытушылары әртүрлі бағыттарда курстарын жазып, атаққа ие болған халықаралық кейстер көп. TikTok компаниясымен келіссөздер жүргізілді, ғылымды танымал ету үшін ғылыми жобаларды ілгерілету үшін контент стратегиясын оқыту, жоғары оқу орындарымен бірлескен медиа-зертханалар құру мүмкіндіктерін пысықтау, университеттік бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бастамаларды іске асыру, ғылым бастамалары туралы аудиторияны қамту бойынша кеңес беру бөлігінде уағдаластықтарға қол жеткізілді», - деді спикер. 


Ал Huawei компаниясымен жоғары оқу орындары базасында АКТ академияларын ашу, оқытушылар мен студенттерге арналған оқыту платформасы, студенттерді онлайн тестілеу мен сертификаттау үшін квоталар беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Microsoft және НР қазақстандық білім беру жүйесімен белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын.