«Біз елдеріміздің сұрауларына әрқашан жауап береміз, бағдарламалық тәсіл арқылы біркелкі қолдау көрсетуге тырысамыз. Биыл бағдарламаларымыз белсенді түрде іске асырылды, көптеген іс-шаралар, соның ішінде Қазақстанда да өткізілді. Қазақстандағы серіктесіміз – Ауыл шаруашылығы министрлігі, ұлттық аграрлық ғылыми орталықпен, аграрлық университеттермен жұмыс істейміз, сарапшылар мен консультанттарды тартамыз. Бағдарламалық қызметті жүргізуден басқа, кластерлік тәсілді дамытуға ерекше назар аударылады. Келесі жылдың басынан бастап тиісті жоба іске қосылады. Солардың бірі – қой шаруашылығын дамыту қоры. Екінші бағыт – нан-тоқаш кластері. Біздің басты міндетіміз – нарық қатысушыларына астықты сатуға ғана емес, сонымен қатар дайын нан өнімдерін экспорттауға дейін қосымша құнды дамытуға көмектесу. Үшінші жобаны тікелей Африкада жүзеге асырамыз. Бұл Сахель өңіріндегі елдер үшін интеграцияланған су жоспары.  Тиісті меморандумға қол қойылды, елдерімізден, соның ішінде Қазақстаннан ғылыми зияткерлік ресурстар тартамыз. Бұл жұмыстағы серіктесіміз – «Қазақстан ғарыш сапары» институты, Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университеті», – деді спикер.