25-30 желтоқсанда Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында шахматтан Әлем чемпионаты өтеді. Оған 50 мемлекеттен келген 300-ден аса шахматшы қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.
«Турнир ФИДЕ аясында өткізіледі. Былтыр Бибісара Асаубаева Әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Биыл жарысқа Жансая Әбдімәлік және Динара Сәдуақасова да қатысады. Шараның салтанатты ашылуы 25 желтоқсанда өтеді. Барша командаларға сәттілік тілеймін», - деді вице-министр.
Жүлде қоры 1 млн долларды құрайды.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!