«Шахматтан Әлем чемпионатын ұйымдастырушы оған ел 15 ер, 10 әйел ойыншыны ұсына алады. Отандық әйелдер командасы ерлерге қарағанда үздік нәтижелер көрсетуде. Қазіргі уақытта Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Динара Сәдуақасова өз жаттықтырушыларымен дайындалып жатыр. Сонымен қатар құрама командамызда 14 жасқа дейінгі әлем чемпионы Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Серікбай Әсел, Нұрғали Назерке сынды талантты жастар бар», - деді спикер.