«Тергеу барысында бейбіт азаматтар мен полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық жасау үшін импровизацияланған құралдарды ұйымдастырылған тасымалдау жүзеге асырылғандығы анықталды. Мысалы: арматура, таяқтар, төсеніштер, тастар, Молотов коктейльдері, сондай-ақ ғимараттарды өртеу үшін автомобиль шиналары мен бензин жеткізілді. Бір күнде, 5 қаңтарда сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін Алматы қаласындағы ғимараттарға: қала әкімдігіне, Резиденцияға, әуежайға, «Хабар», «Қазақстан», «Мир 24» телеарналарының кеңселеріне және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасы ғимаратына шабуыл жасалды. Шымкент қаласында қала әкімдігінің ғимараттары, «Көрме» орталығы, «Түркістан Сарайы» мәдениет үйі, Ж.Шанин атындағы драма театры, әл-Фараби және Қаратау аудандарының полиция бөлімдері, Абай аудандық прокуратурасы зақымданды. Тараз қаласында облыс және қала әкімдігінің, полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің, қалалық бөлімдер мен полиция басқармасының ғимараттары зақымданды. Талдықорған қаласында облыс және қала әкімдіктерінің, облыс әкімінің резиденциясы, полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері, қалалық бөлімдер мен полиция басқармаларының ғимараттары зақымдалып, басып алынды. Қызылорда қаласында қалалық полиция басқармасының ғимаратына қарулы шабуылдар, облыстық және қалалық соттардың ғимараттары басып алу әрекеті жасалды», - деді спикер.